Алматыда жатақхана өртенді: 301 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Алматыда жатақхана өртенді: 301 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Алматыда колледж жатақханасы өртеніп, ондағы 301 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
Бостандық ауданында орналасқан Республикалық спорт колледжінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама таңғы 4:25-те түскен.
Өрт сөндірушілер АЛ-37 автобаспалдағымен терезелердан адамдарды шұғыл шығаруға кіріскен. Өрт ошағын анықтауға қабаттардағы қалың түтін кедергі болды. Барлығы 301 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Тілсіз жау 10 шаршы метрді шарпыған. Қызыл жалын таңғы 4:56-да ауыздықталып, 5:06-да толық сөндірілді.