Қырғызстан экономиканы долларсыздандыруды қолға алды
Қырғызстан экономиканы долларсыздандыруды қолға алды
Тұрғындардың шетел валютасына деген сұранысы мен Қырғызстан экономикасының долларға тәуелділігін төмендету, ұлттық валютаның айналым жылдамдығын ұлғайту мақсатында Қырғыз Экономика министрі елдің кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін министрліктің баспасөз қызметінде хабарланды.
«Қырғыз Республикасының аумағында сауда қызметін реттеу шаралары туралы» Қырғыз Республикасының 1999 жылғы 26 наурыздағы қаулысына сәйкес бағада, тарифте, прейскуранттарда ақша міндеті түрде ұлттық валютада (қырғыз сомы) болуы тиіс», делінген хабарламада.
Экономика министрлігі нормативтік акті талабын жылжымайтын мүлік, автомобиль дилерлері, БАҚ, интернет-провайдер, авиакомпания, үй-жайды жалға алу қызметтеріне, мемлекеттік қызметтерге қолдануды ұсынады.