- Advertisement -

Пикассоның 70-ке жуық мұрасы сатылмақ

70

- Advertisement -

20160112092609Белгілі суретші Пабло Пикассоның шығармашылық мұрасы сауда-саттыққа қойылды. Аукционға 70-ке жуық күйдірген саздан жасалған және керамикалық мүсіндер мен 106 картиналары ұсынылды. Олар 10 млн. фунт срелингке (14,5 млн доллар) бағаланды, деп жазады ВВС агенттігі.

Жәдігерлерді Пабло Пикассоның немересі, суретшінің үлкен ұлының қызы — 65 жастағы Марина Пикассо сатпақ. Ұсынылған барлық туынды шеберханада сақталған, бұдан бұрын жұртшылыққа көрсетілмеген. Сауда-саттық Лондонда 2016 жылғы 5 ақпанда өтеді. Оны Sotheby’s бәссауда үйі жүргізеді.

Марина 1975 жылы 10 мыңға жуық затты атасынан мұралыққа алған. Өткен жылғы шілдеде ол атасының 126 керамикалық жұмыстарын бәссаудаға қойып, 12,3 млн. фунт стрелинг алған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support