АҚШ

67

Кіші Джорж Буштың көрмесі

Американың бұрынғы президенті кіші Джорж Буш зейнетке шыққан соң, сурет салумен айналысып, енді сурет көрмесін өткізуге шешім қабылдапты. Көрменің ерекшелігі – көрмеге қойылатын суреттерде, Буш өзі қызмет істеген мезгілдегі мемлекет басшыларымен болған қарым-қатынас бейнеленбек. Көрме Калифорния штатында ашылады деп күтілуде. Биыл 67 жасқа толған кіші Буштың көрмеге қойылатын суреттері бұрын ешқайда жарияланбаған.

Comments are closed.