Samsung «ақылды белдікті» жұрт назарына ұсынды
Samsung «ақылды белдікті» жұрт назарына ұсынды
Samsung компаниясы жаңа «ақылды белдік» атты гаджет ұсынып отыр. Бұл құрылғы бұрынғы туындылардан ерекше. Шалбарға тағылатын белдік шынымен-ақ «ақылды».
Бір қызығы, бұл белдік иесінің белінің неше сантиметр екендігін өлшеп, ол жүрген кезде қадамдары мен сол жүруге кеткен уақытты есептеп тіркейді. Сондай-ақ бұл белдікті таққан адам қанша уақытты қимыл-қозғалыссыз өткізгенін де біле алады. Мұнымен қоса, гаджет адамның қанша тамақ жегенін де қадағалайды. Белдікке түскен барлық ақпарат смартфондағы арнайы қосымша арқылы онымен сәйкестендірілу арқылы оқылады. Мамандардың айтуынша, бұл белдік – саламатты өмір салтын ұстанушылар мен денсаулығын күтіп қарайтын жандар үшін таптырмайтын гаджет.
jas.kz