Қытайда ұшатын дрон-такси жасалды
Қытайда ұшатын дрон-такси жасалды
Қытайда ұшатын дрон-такси жасалды, яғни дрон өндірумен айналысатын EHang компаниясы CES-2016 көрмесінде әлемдегі тұңғыш EHANG 184 ұшқышсыз таксиін ұсынды. Аппараттың сегіз пропеллері бар, осы арқылы 100 келіге дейін жүк көтере алады және қысқа және орташа қашықтыққа ұша алады. Себебі оның аккумуляторының қуаты сағатына 100 шақырым жылдамдықпен 23 минут ұшуға ғана жетеді. Дрон экологиялық отынмен ұшады, 500 метр биіктікте ұша алады және автоном жолаушылар дрон-такси түрінде қызмет ұсына алады. Бір адамға арналған жолаушылар кабинасында аппаратты басқару тетіктері жоқ. Онда кішігірім сенсор экраны, орындық және жүк қоятын кеңістік бар. Шамамен 100 сынақтан өткен дрон-таксидің құны — 200-300 мың АҚШ доллары. Ал кейбір сарапшылар бұл өнертабысты болашақтың ұшатын автомобильдерінің бастамасы деп бағалап үлгерді.
jas.kz