Жамбылда не жаңалық?

Қордай

Қордай

тымлай титан магнетиті

Аңырақай даласында еліміздегі ең ірі Тымлай титан магнетит кен орны табылып, 2007 жылдан жан-жақты барлау жұмыстары жүргізіліп келген-ді. Енді ондағы кеннен экспортқа бағытталған титан диоксидін және кремний диоксидін өндіретін жобалар іске асырылмақ. Қытайдан инвестиция тартылып, Қордайдағы кен орны базасында кен-байыту комбинаты, ал Павлодар облысында осы кенді өңдейтін химия-металлургия комбинаты құрылыстарын жүргізу жоспарланып отыр. «TENIR-LOGISTIC» ЖШС, Жамбыл және Павлодар облыстарының әкімдіктері «China Machinery Engineering Corporation» және «China Metallurgical Group Corporation» арасында төрт жақты меморандумға қол қойылады деп күтілуде.