Норвегия

64

жол апатынан бірде-бір бала қаза таппаған

Норвегияның жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі кеңесі 2015 жылы ел жолдарындағы көлік апаттарында бірде-бір бала зардап шекпегенін мәлімдеді. Бұл – 1970 жылдан бері болып отырған алғашқы жағдай. Ал жалпы бұл жылы 113 норвегиялық ересек азамат жол апатынан қаза тапқан. Кеңес директоры бұл көрсет­кішті тым көп деп бағалап отыр. Бүгінгі таңда әлемде жол-көлік оқиғалары салдарынан жылына 260 мың бала көз жұмады екен. Жол апаттары 10 мен 19 жас аралығындағы балалардың өлімі ішінде бірінші орынға шығып отыр.

Comments are closed.