Норвегия
Норвегия
жол апатынан бірде-бір бала қаза таппаған
Норвегияның жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі кеңесі 2015 жылы ел жолдарындағы көлік апаттарында бірде-бір бала зардап шекпегенін мәлімдеді. Бұл – 1970 жылдан бері болып отырған алғашқы жағдай. Ал жалпы бұл жылы 113 норвегиялық ересек азамат жол апатынан қаза тапқан. Кеңес директоры бұл көрсеткішті тым көп деп бағалап отыр. Бүгінгі таңда әлемде жол-көлік оқиғалары салдарынан жылына 260 мың бала көз жұмады екен. Жол апаттары 10 мен 19 жас аралығындағы балалардың өлімі ішінде бірінші орынға шығып отыр.