Тағайындау

96

Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы №3-ө өкімімен Б.Х. Бейсеев Жамбыл облысының ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы болып тағайындалды.
Бақытжан Халилұлы Бейсеев 1966 жылы туылған.
Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер», (1988 жылы), С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1998 жылы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясын «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.
Жамбыл облысы ішкі істер басқармасының МАИ жол патрульдік қызметі бөлімінің аға инспекторы (1990 жылы); Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасында, Мемлекеттік тергеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде әртүрлі жедел уәкіл және басшы (1990-1998 жылдары); Жамбыл облысы ішкі істер басқармасының 9-басқармасының бастығы (1998 жылы); Жамбыл облысы ішкі істер басқармасының Т.Рысқұлов ауданы бойынша ішкі істер бөлімінің бастығы (1999 жылы) қызметтерін атқарған. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының басқарушылық құрылымын дайындау факультетінің тыңдаушысы болды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментінің азаматтарды құжаттандыру және тіркеу басқармасының бастығы (2002 жылы); Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасының және ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, Астана қаласы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (2003-2012 жылдары); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып (2012 жылы); Астана қаласы ішкі істер департаментінде (2014 жылы) жұмыс істеген.
2015 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің кинологиялық қызмет басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Comments are closed.