- Advertisement -

Прокурорлар пәрмені

83

- Advertisement -

арқасында 8799 азаматтың конституциялық құқы қорғалды

Кеше Тараз қаласының прокуроры Бағлан Телеу бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізіп, 2015 жылы атқарылған жұмыстарының есебін берді. 

Қала прокурорының айтуынша, былтыр заңдардың орындалуын қадағалау қылмыспен және жемқорлықпен күресу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын қорғау сынды бірқатар бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған екен. Өткен жылы Тараз қаласы прокуратурасына 3016 арыз келіп түсіп, оның барлығы дерлік қаралып, 138-і қанағаттандырылған.
Тараз қаласы прокуратурасы «Жемқорлықпен күрес туралы» Заң талаптарын бұзған 29 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде бір қалалық балабақшаның меңгерушісі, қала әкімдігі бөлімінің басшысы, қалалық перинаталдық орталықтың меңгерушісі әрі бас дәрігері сынды бірінші басшылар да бар.
Салық берешектерін төмендету мақсатында қала прокуратурасы 6 миллиард теңгеден аса сомадағы 21 шаруашылық жүргізу субъектісінің мемлекеттік тіркелуін жою туралы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 21 талап қою арызын енгізіп, соның нәтижесінде 550 миллион теңге өндірілген. Сондай-ақ, қалалық прокуратура 8799 азаматтың конституциялық құқығын қорғап, 309134117 теңге көлеміндегі жалақысы төленген.
Тараз қаласының прокуроры есепті мерзімдегі қылмыс саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға өсіп, 9406-дан 10075-ке жеткенін, алайда, аса ауыр қылмыс түрлері біршама азайғанын айтты. Мысалы, 2015 жылы тіркелген аса ауыр қылмыс саны 35 болса, ол 2014 жылы 43 болған, сонымен қатар, ауыр санаттағы қылмыс 753-тен 610-ға, орта дәрежелі қылмыстар 7850-ден 6867-ге төмендеген. Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жасалған қылмыс саны да 105-тен 81-ге кеміген. Олардың басым бөлігі – ұрлық, тонау және бұзақылық, бопсалау мен қарақшылық.
– «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалымен бірлесіп, 12 рет жеке және заңды тұлғаларды қабылдау ұйымдастырылып, онда 76 азаматқа ауызша және жазбаша жауап берілді. Сондай-ақ, жыл ішінде 9 рет Ашық есік күні өткізіліп, 32 азаматтың талап-арызы тыңдалды. Ал құқықтық насихаттау бойынша қала прокуратурасы өткен жылы барлығы 873 іс-шара өткізді. Алдағы уақытта да тұрғындарды құқықтық сауаттандыру жұмыстары жемқорлықпен күрес және заң бұзушылық пен құқық бұзушылық қылмыстарды анықтау бойынша тексерулер жүргізіле бермек. Жыл басынан бастап заңдарға енгізілген бірқатар өзгертулерді ескере отырып, сала жұмысын одан әрі жандандыра береміз, – деді қала прокуроры баспасөз мәслихатында.

Маржан РАҚАЙ,
«Ақ жол».

Суретті түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support