Бірлік – баға жетпес қазынамыз
Бірлік – баға жетпес қазынамыз
Зүбайра Сембина, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы қоғамымызда үлкен серпіліс туғызып отыр. Елбасы жаңа қазақстандық арманның мақсатымен бірге нақты жүзеге асырылу жолдарын да айқындап берді. Бес институттық реформаны, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру ғасыр соңына таман әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылған еліміз үшін айрықша маңызды. Ал бұл жаңғырулар мен жаңаруларға серпін бермек. Елбасымыз аталған мақаласында бес институттық реформаның ең негізгісі – бірлігі жарасқан ұлтымыздың негізі мен бірегейлігін қалыптастыруда қандай іс-әрекеттердің атқарылып жатқанын және қандай жоспарларымыз бар екенін нақтылап көрсетіп беріп отыр. Қазақстан биыл өз Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына аяқ басты. Осы жылдар ішінде жүзден астам ұлыстар мекендеген кең-байтақ Қазақстан өзінің ғасырлар бойы жинақтап келе жатқан құндылықтарына басымдық беріп, өтпелі кезеңді бастан кеше отырып, экономикасы нығайған мемлекетті аяғынан тұрғызды. Қазіргі таңда әлемде көптеген қауіп-қатерлердің орын алып отырғандығы жасырын емес. Соның ішінде экономикалық дағдарыстар мен әскери қақтығыстар әлем назарын өзіне аудартты. Осы тұрғыда оған қарсы қояр әлеуетті тетік – еліміздегі бірегейлік және бірлікті қалыптастыруға екі негізгі ұстын тірек болуда. Оның біріншісі – Қазақстан халқы Ассамблеясы институты. Жүзден астам этностық топтар тұратын Қазақстан жері – олардың нақты Отаны. Біз «Бір ел – бір тағдыр» ұстаным мен бірлігімізді сақтап келе жатқан елміз. Бүгінгі таңда соны мақтан етеміз. Екінші тірек – ол жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы. Елбасы осы идеяны 2012 жылы бірінші рет айтқан еді. Соның ішінде, елдің негізгі құндылықтарын дәріптеп, болашақтағы Мәңгілік Ел ұрпағын қазірден бастап тәрбиелеу үшін қандай жоспарларды жүзеге асыруымыз керектігі де нақтыланған-ды. Әсіресе, үштілдік білім жүйесіне ауысу жайы да айрықша назарда. Осы орайда сарапшы әлеуметтік, тіпті, мемлекеттік қызмет саласының ішінде де ешқандай нәсілдік, этностық қатыстылығына қарамастан, елімізде Конституциямен бекітілген қазақстандықтардың барлығының да мүмкіншіліктері бар деген қағидат сақталып отыр. Елбасы өз мақаласында елімізде жүріп жатқан қарқынды модернизациялау үдерісінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген ең дамыған елдердің отыздығының қатарына кірумен ұштасқандығына және ол былтырдан бері нақты іспен жүзеге асырылып жатқандығына да назар аударады. Былтыр бүкіл елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы барысында «Үлкен ел – Үлкен отбасы» бағдарламасы басталып кетті. Сонымен қатар, жаңа әлеуметтік жобалар да іске асырылып жатыр. Жалпы, елдегі тұтастықты және бірлікті нығайту – басты мақсат. Бірегейлікті азаматтық негізінде қалыптастыру және нығайту жөніндегі Елбасының тапсырмасы осы құжаттар арқылы орындалды. Сонымен қатар, бірегейлікті және бірлікті нығайту мен дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасы осы өткен жылдың соңғы күндері бекітіліп, үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап жүзеге асырылуда. Қазақстан халқына керегі де осы, яғни, өз мемлекетінің Тәуелсіздігі, қуаттылығы мен тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен берекелі, дәулетті, сәулетті тұрмысы. Ұлт жоспарын лайықты жүзеге асырып, діттеген межеге бірге жете алсақ, біз және біздің ертеңгі ұрпағымыз біз ойлаған, біз армандаған болашақтың табалдырығынан аттаймыз деп үміт етеміз.