Экономика

Келімбетов: Ресейге қатысты санкциялар Қазақстанды алаңдатып отыр

Келімбетов: Ресейге қатысты санкциялар Қазақстанды алаңдатып отыр

   Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Батыс елдерінің Ресейге қатысты экономикалық санкциялар қабылдау мүмкіндігі қазақ елінің билігін алаңдатып отырғанын алға тартты.

   Еліміздің бас банкирінің мәлімдеуінше, негізгі қауіп біздің ірі сауда серіктесіміз – Ресей Федерациясына қатысты санкциялардың күшею мүмкіндігіне байланысты.

  "Өздеріңіз білетіндей, Қазақстандағы импорттың 36 пайызы – Ресей өнімі, қазақстандық экспорттың 7 пайызы Ресей нарығына шығарылады", - деп атап өтті Келімбетов.

  "Жалпы алғанда, биылғы жылы Ресейде экономикалық өсім мүлдем болмауы мүмкін. Бұл, әрине, біз үшін, жақсы жаңалық емес, өйткені екі елдің экономикасы тығыз байланысты. Осы ретте елімізде экономикалық өсім мен инфляция қарқынының теңгерімін қалай сақтайтынымызды қарастырып жатырмыз", - деп толықтырды Ұлттық банк төрағасы.

Ақпарат көзі: www.bnews.kz