- Advertisement -

Аграрлық секторда кедергілер азаяды

66

- Advertisement -

Рахманәлі Әбдіқадыров,
«Құлан-Дән» несие серіктестігінің директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ауданның Құрметті азаматы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында экономиканы дамытудың жолы – шағын және орта бизнеске қолдау көрсету екенін атап көрсетті. Біз тәуелсіздігіміздің 25 жылдық белесінде кәсіпкерлікті дамыту – нарықтағы импортқа тәуелділікті азайту және жұмыссыздықпен күрестің бірден-бір тетігі болатынына көзіміз жетті. Мемлекет басшысының қолдауымен шағын бизнес айтарлықтай дамып, отандық өнімдердің үлес салмағы артты. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында.
Дамыған мемлекеттер шағын және орта бизнеске қолдау көрсетумен қатар, тиісті деңгейде қорғайды. Бұл елдердің экономикасының табыстылығының сыры да осында. Жалпы, кәсіпкерлікті қорғау әрі қолдау экономиканың маңызды қағидаты болып табылады. Бұл – әлдеқашан дәлелденген қағида. Енді біздің елімізде де Президент ұсынған бес институттық реформа аясында кәсіпкерлер құқығы қорғалатын болады.
Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты үшінші бағытында экономиканы әртараптандырудың нақты қадамдары көрсетілген. Мемлекет басшысы осы реформаны бюрократтық шығынсыз жүзеге асыруды талап етіп отыр. Аграрлық секторда әкімшілік кедергілер қысқартудың жолын да ұсынды.
«Фермерлік пен бүкіл аграрлық секторды дамыту үшін айтарлықтай ынталандырушы күш Жер кодексіне енгізілген өзгерістер болды. Жаңа құқықтық нормалар жұмыс істеп тұрған 224 мыңнан астам агро¬өнеркәсіптік кешен субъек¬тілеріне олар жалға алған 97,4 миллион гектар жерді жекеменшікке алуға мүмкіндік береді», – деді Елбасы.
Иә, бұл – ауыл шаруашылығын дамытудың тетігін жақсы білетін шаруалар үшін үлкен мүмкіндік. Ауылда шаруашылық ісін инновациялық жүйе арқылы өрге бастырып жүрген шаруа қожалықтар баршылық. Олар несие ұйымдарынан қаржы алып, жаңа техникалар сатып алып, сала ісін дамытуда батыл қадамдарға баруда. Осындай аграрлық құрылымдар енді жалға алып отырған жерінің кадастрлық құнының 50 пайызы көлемінде 10 жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеп, жеке меншікке алуына болады.
Өткенге көз жүгіртсек, осыдан он жыл бұрынғы шаруалардың жай-күйі қазір оңалды. Бұрын егін егіп, бау-бақ өсіруге техникасы ескілігі, жанар-жағар май жеткіліксіздігі, қаражаттың тапшылығы қолды байлайтын. Ал бүгінде шаруа қожалық басшылары несие ұйымдарын таңдап, өзіне қолайлысынан қаржы алады. Ауыл шаруашылығын дамыту бағытында қабылданған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар бар.

Т. Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support