- Advertisement -

Мәңгі мұз басқан солтүстік полюсте…

64

- Advertisement -

күн күрт жылынғаны несі?

Мұз құрсауында жатқан Солтүстік полюсте күн күрт жылынып, ауаның температурасы Цельсий бағанасы бойынша +1 гра­дусқа дейін көтерілді. Бұл жайт ғалымдардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Себебі, жылдың бұл мезгілінде аталған өңірде -30 градус аяз болуы тиіс.
АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеулер басқармасы дерегі бойынша, полюстегі ауа райы­н ғарыштан бақылайтын құрылғы аз уақыт осындай температураны көрсеткен. Ал аталған өлкенің өзінде әзірге осы бағыттағы арнайы аспаптар жоқ. Метеорологтар бұған жылдың басым бөлігінде мұз басып жатуы себеп екенін алға тартады.
Ғалымдардың бірі: «Бұл құбы­лыс Ұлыбритания жағалауын­да соққан «Фрэнк» дауылымен тікелей байланысты. Өйткені, дауыл салдарынан болған тропикалық жылы ауа ағыны Солтүстік полюске жетіп, ауа температурасының дабыл қағарлық деңгейге дейін көтерілуіне әкеліп соқты. Бүгінгідей жаһандық жылыну мәселесі әлемді алаңдатып тұрған кезде бұл полюсте плюстік температура тіркелуі жағдайды тым ушықтырып жіберуі әбден мүмкін», – дейді.
Айта кетейік, Англияның сол­түстік-батысында желтоқсан айының басында басталған нөсер жауын мен жойқын дауыл әлі жалғасуда. Табиғаттың тосын мінезі салдарынан алғашқы күндері 60 мың үй жарықсыз қалса, Эплби елді мекенінен мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ал жаңажылдық мереке күндері дауыл тағы да күшейіп, жеті мың үйді жарықпен қамтамасыз етіп отырған электр желілеріне залалын тигізді. Сондай-ақ, Камбрия граф­тығындағы қалалар мен елді мекендерді су басып қалды.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support