- Advertisement -

Түркия мен Қазақстан арасында визалық режим қалпына келеді

80

- Advertisement -

pogudx23n5pu4vvqdg.ca476de2Түркия ағымдағы жылдың маусым айынан бастап әлемнің 89 елімен визалық режимді қалпына келтіреді. Олардың арасында Қазақстан да бар.

Бұл туралы түріктің Haberizmir газеті хабарлады деп жазады ras.kz.

Басылым хабарлағандай, бұл туралы шешім Түркия мен Еуропа одағы арасында визалық режим мен реадмиссияны жеңілдету туралы келісімге қол қойылуына байланысты қабылданған.

Визалық тәртіп қайта енгізілетін елдер қатарында Қазақстаннан бөлек, Албания, Әзербайжан, Белиз, Босния және Герцеговина, Экватор, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан және Украина сияқты елдердің аттары аталады.

Газеттің жазуына қарағанда, аталмыш шешім Түркияның туристік секторы өкілдері тарапынан әлден алаңдаушылық туғызып жатыр. Елдің отельер және инвесторлар ассоциациясының жетекшісі Тимур Байындыр Түркия азаматтарына Еуропа одағы елдеріне визасыз бару режимін енгізудің маңызы зор болғанына қарамастан, енді Анадолы жерінің өзіне туристердің келу тасқыны күрт азаятынын айтып, алаңдаушылық білдірді.

«Сыртқы істер министрлігі мен мәдениет және туризм министрлігі туристер тасқынын төмендетпеудің алдын алып, тиісті шараларды қолданатын шығар деген үміттеміз», – деді Байындыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support