- Advertisement -

Республикалық меншіктегі нысандарды сатудан бюджет 5,5 млрд теңгеге толықты

97

- Advertisement -

20151123202340Республикалық меншіктегі нысандарды сатудан  бюджет 5 млрд 509 млн теңгеге толықты, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.

2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес 833 нысанды сауда-саттыққа шығару жоспарланған.

2014 жылдың маусым — 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 491 нысан жекешелендірілуге  жатады.  2016 жылдың 5 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 428 нысан  шығарылды, оның ішінде 239 нысан сатылды, республикалық меншік бойынша — 15, коммуналдық меншік бойынша — 114, ӘКК бойынша — 60, холдингтер бойынша — 50.

Сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке  5 509 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 937 млн. теңгеден астам, холдингтер — 67 261 млн теңге, ӘКК — 2 956 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша

Барлығы 2014-2016 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 41 нысан жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым — 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде 28 нысанды өткізу жоспарланған. Ағымдағы жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша сауда-саттыққа 28 нысан шығарылды, оның ішінде 15 нысан сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

Барлығы 2014 — 2016 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 491 объектінің сауда-саттыққа белгіленді. 2014 жылдың маусым — 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 243 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 5 қаңтардағы жағдай бойынша 221 нысан саудаға шығарылды, соның ішінде 114 нысан сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 — 2016 жылдарда сату кестесі бойынша сауда-саттыққа 170 нысан белгіленді. 2014 жылдың маусым — 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 109 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 86 нысан сатуға қойылды, 60 нысан сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

2014 — 2016 жж. арналған сату кестесі бойынша 131 объект жекешелендіруге жатады, 5 қаңтардағы жағдай бойынша жоспарланған 111 нысанның 93-і саудаға шығарылды, оның ішінде 50 нысан сатылды.

  

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support