ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

71

Жылдағы дәстүр бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалы жаңа жыл кешін ерекше етіп өткізді. Өңіріміздің экономикасын өрге сүйреп, әр салада белсенді еңбек етіп жүрген бастамашыл арулар өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстарына есеп беріп, келер жылға тың жоспарлар мен баянды бастамалар, түрлі бағдарламалар құра отырып, қайырымдылық жасауды да назардан еш қалдырмады. Қаржы, экономика, кәсіпкерлік, білім және денсаулық сынды сан салада аянбай тер төгіп жүрген қауымдастық мүшелері бұл кеште өздерінің өнерден де кенде емес екендерін дәлелдеді. Итальян тілінде ән салудан жарыс ұйымдастырып, мерекенің көрігін қыздырды. 

Тараз қаласындағы көрікті мейрамхананың бірі саналатын «Гауһартаста» өткен жаңажылдық кешке анасымен бірге келген Нұрбол есімді қайырымдылыққа мұқтаж балаға қысқы киімдер мен кеш барысында жиналған қаржылай сыйлық табыс етілді. Осылайша, облыстың іскер қыз-келіншектері кез-келген мерекеде сауапты іс жасауға бейіл екендерін танытты.

Маржан РАҚАЙ, 
«Ақ жол».

Comments are closed.