- Advertisement -

Алмақтың да салмағы бар

99

- Advertisement -

Арайлым Қайратқызы,
№14 Талас колледжінің мұғалімі.

Елбасы Жолдауында 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын айтты. Бұл – мемлекетіміздің өркендеуіне техникалық мамандықтар мен оны сапалы игергендер зор үлес қосатынының үлкен белгісі. Мен ұстаздық қызметті жаңадан бастаған жас маманмын. Еңбек еткеніме аз ғана жыл өтсе де, мамандық таңдауда қателеспегеніме қуанамын. Біздің №14 Талас колледжінде негізінен техникалық, ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтарды оқытады. Жаңа жылдан бастап жалақымыздың 29 пайызға өсуі, яғни, бұрын еңбекақым 50 мың теңге болса, қазір 65 мың теңгеге жоғарылауы көңіліме қуаныш ұялатты. Әлемді әбігерге салған қазіргідей дағдарысқа қарамастан, Елбасымыздың осыншама қамқорлық танытуы – ел қамын терең ойлағандықтың белгісі.
Президенттің қазақстандық барша жастарға әрдайым сенім артуы жанымызды толқытып, жүрегімізді жылытады. Ел болашағы болатын жастарды тәрбиелеп жүрген ұстаз ретінде Ұлт Көшбасшысының осынау сеніміне селкеу түсірмей, бүкілхалықтық іске менің де қосатын үлесім бар екенін үнемі жадымда ұстаумен келемін. Мамандығым – филолог болғандықтан, техникалық мамандықта оқитын шәкірттерге мемлекеттік тілімізге қатысты пәндерден сабақ беремін. Колледж оқушыларының ынтасы, білімге құштарлығы жақсы. Жаңашылдыққа бейімделіп келеміз. Бейімделсек, мамандансақ, жаңашылдыққа ұмтылсақ, барлық қиындықты жеңетінімізге сенімдімін.
Мені өз Отанымның өркендеуге ұмтылысы, біздің облыста да жаңа жұмыс орындары, зауыт-кәсіпорындардың көптеп ашылуы қуантады. Мұндай ірі жобалардың бірі біздің ауданнан да пайдалануға беріліп, жүздеген адамды жаңа жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік туып отырғаны – көзіміз көріп отырған ақиқат. Сондықтан, ел болашағы саналатын әр шәкіртіме көңіл бөліп, сапалы білім беруді өзіме парыз санаймын.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support