Мемлекеттік қызметшінің мерейі үшін деп түсіндік

60

Айгерім Әлімбетова,
Тараз қаласы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы.

Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталатын Жолдауы халыққа қиын-қыстау кезеңде қай бағытта жұмыс атқаруды нұсқауымен қатар, жұртшылықты жағымды жаңалықтарымен қуантқан құжат болды. Олай дейтінім, дағдарыс жағдайына қарамастан, айлық жалақы, шәкіртақы мен зейнетақының еселеп өсуі ел халқын бір серпілтіп тастады. Елбасы: «Бүгінгі қиын жағдайда адамдарға қолдау көрсету керек. Сондықтан, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету бойынша бірнеше шараны қолға аламыз. Біріншіден, азаматтық қызметшілердің еңбегін төлеу моделін енгізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жалақысы мен мүгедектердің жәрдемақысы және стипендияны арттыру туралы жариялаған болатынбыз. Қаржы жетпегендіктен, Үкімет мұны 2017 жылға шегерген еді. Бүгінгі жағдайда мен Үкіметке бұл мерзімді бір жыл ерте бастап, 2016 жылдың 1 қаңтарынан арттыруды ұсынамын. Бұл біздің азаматтар үшін үлкен қолдау болады», – деп Үкіметке нақты тапсырма берді.
Осы тапсырмаған сай жоғарыда аталған қызметтерді атқаратын елдің барлық азаматтары ай сайынғы еңбекақылары мен өзге де төлемдерді үстемесімен алатын болды. Осы жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға арттырылады. Мемлекет үшін еткен еңбегің бағаланып, отбасының ырзық-несібесі арта түсетіндер қатарында болғаныма мен де шын көңілден қуаныштымын. Қандай қиын-қыстау кезеңдерде де еліне тіреу бола білген Елбасымыздың, бірлікті ту еткен халықтың арқасында талай белестерді бағындырарымыз сөзсіз.

Comments are closed.