- Advertisement -

Дағдарыс кезіндегі қамқорлық қой бұл

84

- Advertisement -

Сағындық ОРДАБЕКОВ,
облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары.

Елбасы өзінің жуырдағы Жолдауында 2016 жылдың қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы 7 пайыздан 28 пайызға көтерілетінін айтты. Мемлекет басшысының жаһанды жайлаған қымбатшылық пен дағдарысқа қарамастан мұндай қадамға баруын үлкен қуанышпен қабылдадық. Мұны бізге деген қамқорлық деп білеміз. Бұл дәрігерлерге үлкен сенімділік және алға қойған мақсатқа, Елбасы тапсырмаларын орындауға күш беретін қолдау. Қазіргі нарық заманында қызметкерлерге жалақының мөлшері өте қатты әсер етеді. Осы тұстағы Үкіметтің мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтергені өте орынды болды. Өйткені, мұндай жағдай қызметкерлерді алдағы уақытта жақсы, сапалы жұмыс істеуге жігерлендіреді.
Көптеген елдер каржылық күйзелістің әсерінен осы уақытқа дейін оңалмауда, ал біздің еліміз әлеуметтік саланы жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда. 2010 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 113 мың, орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 65 мың теңгені құраған болса, 2011 жылғы шілденің 1-інен дәрігерлердің орташа жалақысы –147 мың теңге және орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 85 мың теңге болды. Сонымен қатар, кезекті еңбек демалысына шығатын кезде берілетін сауықтыру жәрдемақысының да көлемі ұлғайды.
Сондай-ақ, елімізде, оның ішінде облысымызда да көп балалы отбасылар саны өсуде, өмір ұзақтығы және азаматтардың жалпы жағдайы жақсаруда. Бұл – елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың бірден-бір дәлелі.
Мұндай оң өзгерістер облысымыздың әрбір тұрғынының өз болашағына сенімді әрі келешекке ұзақмерзімді жоспарлар құруына мүмкіндік береді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support