- Advertisement -

«Үлкен ел — үлкен отбасы»

83

- Advertisement -

Облыстық «Ақ жол» газетінің фототілшісі ақәділ рысмахан конкурс сыйлығына ие болды

IMG_4126Өткен қой жылы ел газеті «Егемен Қазақстан» Қазақстан халқы Ассамблея­сының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең ауқымды жобасы аясында «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты фотоконкурсты ұйымдастырған болатын. Байқау қазақстандық патриотизм мен Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын насихаттауды, Қазақстан халқының көптүрлілігін, қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайтуды мақсат тұтты. Жыл соңында 25 тамыз бен 10 желтоқсан аралығында өткізілген сол байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды. Байқауға еліміз бойынша 25 автор қатысқан. Олардың қатарында кәсіпқой фотографтар көп болды.
«…Басылымда жарық көрген фотолардың барлығы да қас қағым сәттегі қалтарысты шынайы жеткізуімен ерекше болды. Суреттерге қарап отырып, ұлттың намысы мен рухын, ынтымағы мен бірлігі жарасқан халықтың риясыз көңілін, оның рухани құндылықтарын, татулық пен достықтың жарқын үлгісін, қаймағы бұзылмаған ауыл тіршілігін және тағы да басқа күнделікті өмірдің көзге түсе бермейтін өрнектерін айқын көруге болады» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
Қазылар алқасы сайыстың шарты мен ережелеріне сай болуына байланысты 3 қатысушыға ынталандыру сыйлығын тағайындады. Оның біріншісіне «Ақ жол» газетінің фототілшісі Ақәділ Рысмахан лайықты деп танылды. Әріптесімізді осы жүлдемен құттықтай отырып, шығарма­шылық табысқа жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support