Т. Рысқұлов
Т. Рысқұлов
Мэльс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Әнім сенсің туған жер» атты жергілікті сазгерлер әндерінің байқауы болып өтті. Оған Мұқан Төлебаев атындағы саз мектебінің ұстаздары ұйытқы болды. Байқау барысында Мэльс Өзбеков, Жаңбыршы Үсейінов, Нұрлан Байгөзов, Дүйсен Бықыбаев, Нәзипа Құлбаева сынды жергілікті сазгерлердің әндері орындалды. Байқау қорытындысында бас жүлдені Жамбыл орта мектебінен келген Ұлдана Еркебек жеңіп алды. Сондай-ақ Әлихан Елнұр, Байсейіт Ермахан, Жанерке Төленбекова сынды жас әншілер болашағынан зор үміт күттіретінін байқатты.