- Advertisement -

Серік Сәпиев – «Жыл менеджері»

121

- Advertisement -

Екі дүркін Әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев соңғы жылдары Англиядағы айтулы университеттердің бірінде білімін жетілдіріп жүрген болатын. Атап айтқанда, ел мақтанышы болған Серік «Әлеуметтік және спорттық менеджер» мамандығын халықаралық деңгейде меңгеріп шықты. Сөйтіп, Серік өзінің қайталанбас қолтаңбасы бар былғары қолғап шебері ғана емес, керемет менеджер екенін де дәлелдемек.
Өткен жылдың қорытын­дысы бойынша С.Сәпиевке «Жыл менеджері» атағы берілді.
Ал алдағы уақытта ол дүниежүзілік бокс сериясы бойынша еліміздің намысын абыройлы қорғап жүрген «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубының менеджері қызметіне кірісуі мүмкін. Серіктің бұл ойын «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубының басшылығы құптайтын сыңайлы. Бұл жөнінде «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубының басшылары БАҚ және электронды ақпарат құралдары өкілдеріне мәлімдеді.
Егер бәрі сәтті болып жатса, Серік Сәпиевтің спорттағы тәжірибесі және менеджерлік жұмысы «Астана арландары» клубының зор жетістіктерге жетуіне оң ықпал жасайтыны анық.

Есет Досалы, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support