- Advertisement -

«Астана арландары» – «Жыл клубы»

96

- Advertisement -

Былтыр бүкіләлемдік бокс сериясында еліміздің намысын қорғаған «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы чемпион атанғаны белгілі. Аталған клуб сапында жерлестеріміз Олжас Сәттібаев пен Асланбек Шымбергеновтің сәтті өнер көрсеткені көрермендердің есінде.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы «Жыл клубы» атанды. Бұл – үлкен абырой. Осынау абыройға жамбылдық былғары қолғап шеберлерінің де үлес қосқаны – біз үшін қуаныш. Сондай-ақ, өткен жылдың соңында «Астана арландары» кәсіпқой клубының аға бапкерлігіне жерлесіміз, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков тағайындалғаны көңілімізді қуантты. Енді «Астана арландары» бүкіләлемдік бокс сериясындағы алтыншы кезеңіндегі алғашқы жекпе-жектерін алдағы 23 қаңтар күні Әзірбайжанның «Баку оттары» клубына қарсы өткізеді.

Есет Досалы, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support