Жаһан

Ауа-райының тосын мінезі әлі алда

Ауа-райының тосын мінезі әлі алда

  

Апта соңына қарай көптеген аймақтарда күн райы күрт салқындамақ. "Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстанның кейбір өңірлерінде жел күшейеді.

Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа-райы 0-5 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. Ал солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдыққа барады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында да бұрқасын дауыл болады деп күтіліп отыр. Шығыс Қазақстанда тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады. "Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында кей күндері жаңбыр жауады. Аптаның соңына қарай салқын ауа массаларының келуіне байланысты республикамыздың солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынды күн райы орын алып, сынап бағанасы 13 - 18, кейбір жерлерде 8 градусқа дейін төмендесе, түнде солтүстік өңірлерде жерді үсік шалуы мүмкін", - дейді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Әлия Оспанова. Ақпарат көзі: www.nur.kz