- Advertisement -

Қуатын – күннен алған өңір

71

- Advertisement -

2015 жыл облыста іргелі жобалардың жүзеге асуымен де есте қалады. Сондай бірегей жобаның бірі – «Бурное-Солар-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған Жуалы ауданындағы Нұрлыкент ауылдық округі аумағындағы күн электр стансасы. Аймақтың Индустрияландыру картасына енгізілген құны 23 миллиард 650,4 миллион теңге болатын Орта Азиядағы ең ірі жобаның бірі шілде айында іске қосылды. 50 мегаватт қуат өндіретін күн электр стансасын Еурапалық банктер кеңейту әрі қайта жарақтандыру арқылы қуаттылығын 100 мегаватқа жеткізу үшін қаржы қарастыруда.

Күн сәулесі арқылы өндірілген қуаттың бағасы көмір, газ және мазут отындарымен салыстырғанда бірнеше есе арзан. Станса құрылысына жұмсалған қаржы он жылдан кейін толық қайтады деп күтілуде. Стансаның өнімі жалпы қазақстандық электр жүйесіне қосылып, біршама жылдан кейін аймақта қуат бағасының әжептәуір арзандауына әсер етеді. Толық қуатында жұмыс істегенде облыстың энергияға деген қажеттілігінің жартысына жуығын өтейді.
«ЭКСПО-2017» көрмесіне алыс-жақын шет мемлекеттерден келетін қонақтар күн электр стансасының жұмысымен де танысатын болады.

Амангелді ӘБІЛ,
«Ақ жол».

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support