- Advertisement -

Алда талай асу бар

107

- Advertisement -

 Өтіп бара жатқан 2015 жыл еліміз үшін ерекше сәттерге толы болды. Спорт саласында да табыстар аз болған жоқ. Өзімнің бір жылғы ізденістерімді, төккен терімді саралайтын болсам, жеткен жетістіктеріме көңілім толады. Қой жылында бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана арландары» сапында әлем чемпионы, ересектер арасында Азия чемпионы атандым.

Есігімізден аттап кіргелі тұрған жыл – Олимпиада жылы. Осы жылы әлемде ең бәсі жоғары байрақты доданың жолдамасы үшін барлық күш-жігерімді, тәжірибемді жұмсамақпын. Құдай қаласа, ел сенімін ақтауға ұмтыламын. Жақсы нәтижелерге жету жолында аянбай тер төге бермекпін.
Барша көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа шаттық, береке, қуаныш, бақыт тілеймін! Тәуелсіз еліміздің әр таңы рауандап ата берсін!

Олжас Сәттібаев,
Таиландта өткен бокстан
ересектер арасындағы
Азия чемпионатының жеңімпазы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support