- Advertisement -

Әлеуметтік нысандардың әлеуеті артуда

68

- Advertisement -

Өңірімізде тарих қойнауына кеткелі тұрған 2015 жылы да әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстары бәсеңси қойған жоқ. Үш бірдей денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Олар: Тараз қаласындағы 200 төсектік облыстық перинаталдық орталығы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылындағы ауысымына 100 келушіге арналған ауылдық емхана және Байзақ ауданы, Мырзатай ауылдық округінде 60 орындық аудандық туберкулезге қарсы диспансері.

Сондай-ақ, 11 денсаулық нысаны күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Келер жылы Тараз қаласында 300 орындық көп салалы аурухана, Меркі мен Талас аудандарында екі емхана салынып, тұрғындар игілігіне беріледі деп күтілуде.
Тағы бір атап өтерлік жай, бүгінде медицинаның заманауи жетістіктері облыстық балалар ауруханасында екі күннің бірінде дерлік табыспен қолданылуда. Жақында осында ашылған заманауи интеграцияланған ота жасау бөлмесінде тікелей телемедицина арқылы 4 жасар бүлдіршін қыз миының бүйірлік қарыншасында пайда болған көлемді ісікке жасалған эндоскопиялық операцияны «жыл отасына» жатқызуға да әбден болады. Өңірде хирургия саласының дамуы көптеген күрделі оталарды бұрынғыдай шетелдік жетекші клиника-лардың көмегінсіз өзімізде жасауға мүмкіндік беріп отыр. Сала қызметкер-лері пәрменді шаралар жүргізілуі нәтижесінде тұрғындар-дың өмір сүру жасы ұзарып, ана мен бала өлімі төмендеуіне де қол жеткізді.
Айта кету керек, өңірде бұл жылы да білім нысандарының құрылысы кең қанат жайды. Осы мақсатқа 7,4 миллиард теңге бөлініп, 24 білім нысанының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілу үстінде. Оның ішінде 9 мектеп пен 4 балабақшаның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 11 білім нысанының (6 мектеп, 5 балабақша) құрылысы келер жылы аяқталмақ.

Баймаханбет Ахмет,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support