- Advertisement -

Мешін екенімізді мерейлетсін

239

- Advertisement -

Маңай мап-майда, мақпал мамыққа малынған, малтыған мың-мыңдаған, моп-момын, монтиған малдардың мақамымен маужырайды. Меніңше, мейлінше мағыналы, мазмұнды!
Мәнісі, мәні, мұрасы мол!
Маңғыстау мен маралды маңай, Мұқанов, Мүсіреповті мәпелеген мекеннен Мұқағали Мақатаев мадақтаған, менмұндалаған маңғаз Мұзтау мөлшеріндегі мемлекетіміз мәнді, маңызды, мерейлі мерейтойлар мінберінде марқайды.
Мемлекет Мақтанышының мәлімдемесімен, мінезі мәрт, мүддесі мінсіз мұз-балақтардан мұралаған мемлекеттігімізді мәз-мейрам, мәре-сәре мәніспен, мейірлене мерекеледік! Мыңдаған межені меңгерген мекенімізде марқасқа марқұмдардың мәртебесіне маңдайалды монумент мүсіндедік!
Мың-сан мейман мәйекті, мәуелі мәдени мезеттерден масаттанды.
Мастанған, маңғазданған, манаураған мұқым «мақұлықтарды» матаған, мылжалап, масқаралаған майталман майдангерлерді мамыражай мамырда мадақтап, марапаттадық.
Мемлекетіміздің маңызды мұнара-мәтіні мен мызғымас мәңгілік мүдделестігіміздің мерейтойларын мейлінше мағыналы, мазмұнды мейрамдадық.
Момақан мемлекетіміздің мұрат-мақсатын мығымдап, мүмкіншілігін меңзеді, мерейін маздатып, мәртебесін меймілдетті, мұқтажын мыңғырған малға, молшылыққа молықтырды. Миымызды мазалаған мәселелердің машақаты мұрындықталып, мөлтілдеген, мөлдіреген маңдайтердің мерейімен марқайдық.
Мінеки, момақан малдың мырзалығы!
Мешінді менменсімей, мазақтамай, мансұқтамай, мұқатпай, мүсіркемей, мінемей, мүйіздемей, мысқылдамай, мосымызды майлап, мөлитпей, мезгіл-мезгіл мәпелеп, меймандостықпен мүлтіксіз, мұқият меймандатайық, мейірленсін.
Мәскеу маңында міскіндерді мәңгіртіп, мәңгүрттеген мыңбұлақтық мінезді, мәңгі мәшhүр, мәңгілік мықты майдангеріміз «мешіннің – мерейлілігін» меңзеген.
Мешін мемлекетіміздің молшылығын мейлінше молайтсын!
Мешінде мерездікке, масылдыққа, маубастыққа, мастыққа, марғаулыққа, мақтангершілікке маталмайық. Малымызға малданып, мастанбайық, мамандыққа машықтанайық!
Мұхит-мұнайымыз «мүжіліп», мүдірмесін, мұқтажымызды мияттасын.
Межелі мүдделер, мерейлі міндеттерді мертікпей, мол мәртебемен меңгерейік.
Махаббатты мұнтаздай мәнінде маздатайық!
Мұң-мұқтаж мүлдем мұқалтпасын, мүмкіндігінше мәуелейік!

Масаттың мәтіні.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support