- Advertisement -

Білгіш жігіт

123

- Advertisement -

Алматының бір білгіші,
(өзін білгішпін дейді бұл кісі)
Дәм тартты ма,
Әлде сондай тапсырма артты ма,
Малшыларды аралап кепті.
Бүгін бүк, шігін шік дегендей,
Шопан жағдайын «саралап» кепті.

Аузы-басы қисаймай ,
Мынадай сын айтып отыр.
– Шопандар – өте мешкей халық,
Ет десе көшетін жерге көшпей қалып,
Аспан құласа да жеп кетеді екен.
Әр шопанға орта есеппен,
Жылына он тонна ет кетеді екен.
Дәлел:
Бір үй бір қойды бір-ақ асады екен,
Тояды да тыраң асады екен,
Масқара ғой!
Егер содан котлет жасаса,
Алматыны тойдырар асхана ғой.

Міне, дүние осылай шашылып жатыр.
Мәселен жаңағы қойда,
Қырық мың шашлық жатыр.
Сосын шопандар қырсық келеді екен,
Бір айдалада жүрген қасқырмен,
Айтпағанды айтып ұрысып келеді екен.
Сөйте тұра өздері,
Сондай қырсық халық.
Біреуімен ұрысып қалып,
Азар дегенде келістік.

Ал біз бұл сөзді олақтау дер ек,
Жалпы мұндай «білгіштерді»
Малды ауылға жолатпау керек.

Оспанхан
Әубәкіров.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support