- Advertisement -

«ӨЛЕҢ–ИНТЕРВЬЮ»

116

- Advertisement -

Өтер жылға алғыс мол,
Біраз қарыштадық.
Облыс жоспарын орындады,
Біз де қалыспадық.
Жүздеген отбасына
Жаңа пәтер табыстадық.

– Бір сұрақ бар.
Қабырғада неге сызат бар?
– Е, е, сызат деген – сызық,
Одан үй бүлінбейді.
Цементпен сылай сал,
Түк те білінбейді.

– Тағы бір сұрақ
Бөлмеде неге қуыс қалады?
– Ей, шырақ.
Үйдің нәрі – сылақ.
Сыласаң ол да дұрысталады.
Кейде көрші үйде
Не сауық, не ұрыс болады.
Соны естіп, білуіңе
Ол қуыс дұрыс болады.

Құрылысшы бауырым!
Арнадым әзіл ауырын,
Сабақ болсын ащы сын.
Интервью-өлеңнің
Тұрмыстан алдым фактісін.

Оспанхан
Әубәкіров.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support