Жаңалықтар

«ӨЛЕҢ–ИНТЕРВЬЮ»

«ӨЛЕҢ–ИНТЕРВЬЮ»

Өтер жылға алғыс мол, Біраз қарыштадық. Облыс жоспарын орындады, Біз де қалыспадық. Жүздеген отбасына Жаңа пәтер табыстадық. – Бір сұрақ бар. Қабырғада неге сызат бар? – Е, е, сызат деген – сызық, Одан үй бүлінбейді. Цементпен сылай сал, Түк те білінбейді. – Тағы бір сұрақ Бөлмеде неге қуыс қалады? – Ей, шырақ. Үйдің нәрі – сылақ. Сыласаң ол да дұрысталады. Кейде көрші үйде Не сауық, не ұрыс болады. Соны естіп, білуіңе Ол қуыс дұрыс болады. Құрылысшы бауырым! Арнадым әзіл ауырын, Сабақ болсын ащы сын. Интервью-өлеңнің Тұрмыстан алдым фактісін.

Оспанхан Әубәкіров.