- Advertisement -

Ұлыбритания мұражайына қойылған қазақ мәсісі шетелдіктерді таңғалдырды

93

- Advertisement -

20151229234855Ұлыбритания мұражайы 25-ке жуық ислам әлеміне тиесілі көне етіктерді ел назарына шығарды. Олардың ішінде 1900 жылы шебер жасалған қазақ мәсісі де бар. Қазақ мәсісінің ерекше дизайны шетелдіктерді қатты таңғалдырды, деп хабарлайды massaget.kz порталы.

 «Мәсі Қазақстанның Балқаш көлі маңында 1900 жылдары тігілген. Ер кісілер мен әйелдерге арналған мәсі теріден жасалып, ою-өрнектермен безендірілген. Өрнектер табиғатты, қой, мысық секілді жануарларды суреттейді. Бұдан өзге Солтүсік Африка, Түркия, Таяу Шығыс, Иран, Орталық және Оңтүстік Азияның көне етіктерін де тамашалай аласыз. Бұл жәдігерлер қазақ халқының 1800 жылдан бері осы өңірлерде техника мен материалдардың ерекше бай үлгілерін қолданғанын және туындылар жасауға бейім болғанын аңғартады», — деп жазылған мұражайдың желідегі ресми парақшасында.

Қазақ мәсісін көрген шетелдіктер оны қазір де қуана киюден бас тартпайтынын, аяқ киім көздің жауын алатындай керемет жасалғанын айтып, таңданыстарын желіде жарыса жазған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support