- Advertisement -

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстанға $50 мың айыппұл салды

113

- Advertisement -

pogudx46laadtqb8k.d7a84869Халықаралық ауыр атлетика федерациясы зілтеміршілер допинг қолданғаны үшін Қазақстанға 50 000 доллар көлемінде айыппұл салды.

Айыппұл көлемі допинг қолданған спортшылар санына қарай көрсетілген.  Спортшылары ең көп допинг қолданған – Әзірбайжан құрамасы. Әзірбайжанның алты, Ресейдің төрт, Қазақстан, Молдова және Қытайдың үш спортшысы допинг қабылдағаны үшін жарыстардан уақытша шеттетілді.

Осыларды ескере келе, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Әзірбайжанға 200 000, Ресейге 100 000, қалған үш құрамаға 50 000 доллар көлемінде айыппұл салынды.

Егер аталған құрамалар айппұлды дер кезінде төлемесе, 2016 жылғы Рио Олимпиадасына берілген жолдамаларлар кері қайтарылады.

Еске сала кетейік, жақында қазақстандық ауыр атлеттер  — Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртай допинг қолданғаны үшін ұсталғанболатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support