- Advertisement -

Достар

80

- Advertisement -

Дос жанынан табыламыз
Жылы шырай танытып.
Келді өлкеге тағы да қыс,
Жүрек құлпын ағытып.

Кім бар нағыз досқа жетер,
Қиналған бір сәттерде.
Туыс, бауырың болып кетер,
Отын берер от кемде.

Достар, достар, серттен тайма,
Болмасыншы өкпе енді.
Құлпырайық қатар жайнап,
Гүл сияқты көктемгі.

Достық деген – ұлы дастан,
Мынау аппақ әлемде.
Әр кезде де ұмытпастан
Бір-біріңе сәлем де!

Маған аян болып нәсіп,
Мұны бәрің қоштарың.
Күн сияқты шуақ шашып,
Жарқыраңдар, достарым!

Канал БЕРДЕНОВ,
зейнеткер.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support