- Advertisement -

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

108

- Advertisement -

Жасыратыны жоқ, бүгінде ұялы телефонына телміретіндер көбейді. Әсіресе, жастар түрлі сайттарға кіріп, кім болса сонымен сөйлесіп жатқаны. «Интернет» деген нәрсе ешкімге жақсылық жасай қоймайтын секілді. Телефонның зияндылығы қанша көп болса да, бұл ата-аналарды ойландыратын емес. Неше түрлі қымбатын сатып алып беріп, балаларын одан әрі желіктіру үстінде. Негізінен, бір ақпарат көзінен оқып танысқанымдай, ұялы телефон дегеніңіз кішкентай бүлдіршіндер үшін өте зиянды, жиырма жасқа дейін қолдарына ұстатуға да болмайды. Жас ата-аналар 2-3 жастағы балаларына айпад, немесе айфон беріп қояды, зиян екенін білмей ме?! Әлде, балаларының денсаулығына немқұрайды қарай ма? Қорыта айтқанда, жастарымыз жаман әдеттерден аулақ болып, дендері сау, мықты, рухани бай азаматтар болып өссе екен деген тілек біздікі.

Арай ҚАРАБАЙ.
Түймекент орта мектебі,

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support