- Advertisement -

«Еурохим» мәдениет сарайын жөндеп берді

82

- Advertisement -

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында іргесі қаланған Қаратаудағы 700 орындық Ұлбике ақын атындағы Мәдениет сарайы ағымдағы жөндеуден өткені болмаса, бастапқы келбетінен алшақтай бастаған еді.

Өнерін қолдаған ел озады. Ғимаратты қайта жаңғыртуға «Еурохим Тыңайтқыш» ЖШС 256 миллион теңге қаражат бөліп, демеушілік көрсетуі­нің арқасында мәдениет нысаны қайта түрленді.
Құрылыс жұмыстарын көктемде қолға алған «Қаз Альфастрой» ЖШС уақытпен санаспай еңбек етіп, Мәдениет үйінің ғимаратын толықтай жаңғыртып шықты. Жаңаша сәулетпен есігін айқара ашқан орталықта салтанатты жиын өткізіліп, Талас ауданының әкімі Б.Рысмендиев сөз сөйлеп, жөндеу жұмысын сапалы жүргізген құрылысшыларға аудан және қала жұртшылығы атынан ризашылығын білдірді.

Сәулембай Әбсадықұлы,
«Ақ жол».

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support