- Advertisement -

Қазақ ұшқышы қытайлардың жағасын ұстады

74

- Advertisement -

Жұма күні Қытай астанасы Пекинде бұрын-соңды болмаған тосын оқиға болды. Пекин халықаралық әуежай қызметкерлері мұндай жайтқа таңданыстарын жасыра алмады. Қытайдағы ең танымал Шин Лаң әлеуметтік желісінде де қызу пікірталас өрбіді.
Миллиардтаған халқы бар Қытайдың астанасын шулатқан кім дейсіздер ғой? Олар – қазақтар, қазақтардың ұшағы.
Жұма күні Пекинде қатты тұман болып, халықаралық әуежайға қонуға тиіс ұшақтар жерге қона алмай аспанда айналып жүргенде, кенеттен бір ұшақ әуежайға қонған. Мұндай тосын жайтқа таңғалған әуежай қызметкерлері түгел терезеден сыртқа қарапты. Сөйтсе, қонған ұшақ Қазақстанның ұшағы екен.
Пекин әуежайының басшысы ұшақ жүргізушілерінен қалай қондыңдар деп сұрағанда:
– Мен балама «велик алып беремін» деп уәде беріп ем… Соған кешікпеуім керек. Қазақ – ержүрек халық. Қазақ бар жерде бәрі болады. Бізге «мүмкін емес» деген сөз айтпаңдар, – депті де, терезеден сыртқа қарап, – енді мына соқыр тұманда көлікті қалай айдадық? – деп күлген екен.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support