- Advertisement -

Бір күнде 200 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды

97

- Advertisement -

Биылдың өзінде Тараз қаласы бойынша жас отбасылар мен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 21975 шаршы метр тұрғын үй салынды. Соның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы 100 пәтерлі екі тұрғын үй бой көтеріп, 200 отбасының игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысын жүзеге асырған Қазақстан ипотекалық компаниясы «Ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамы болса, ал құрылыс нысанының мердігері – «ҚазМұнай Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жыл айрығында пәтерлі болған жас отбасылар мен мемлекеттік, бюджеттік мекемелер, әскери қызметкерлер және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен көп балалы отбасыларға пәтер кілтін облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков тапсырды.

IMG_5058-Баспаналы болған тұрғындардың қуанышымен бөліскен Бекболат Серікбекұлы: «Тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтардың саны жылдан-жылға артқанымен, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған «Өңірлерді дамыту – 2020» және «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында бұл мәселе оң шешімін табуда. Тараз қаласында аталған бағдарлама шеңберінде 22 мың шаршы метр көп қабатты тұрғын үй салыну керек болса, Қазақстан ипотекалық компаниясы салған тұрғын үй мен жатақхананың аумағының өзі 56 мың шаршы метрді құрап отыр. «Бәйтерек» шағын ауданынан бөлек «Арай» алқабында да 5 қабатты 2 тұрғын үй салынуда. Бұл бағдарламаның жас отбасылардың баспаналы болуына тигізер көмегі көп. Өйткені, қазір жас отбасылар үшін алғашқы жарна алынып тасталған. Яғни, алғашқы жарнасыз жалдамалы тұрғын үйді 20 жылға дейін сатып алу құқығы берілген. Одан бөлек, әртүрлі санаттағы азаматтардың да баспаналы болуына осы «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасының шарапаты тиюде. Барша пәтер иелерінің қонысы құтты болсын! Ел аман, жұр тыныш болсын!» – деді.

Қазақстан ипотекалық компаниясының облыстағы өкілі Пернебек Бекмолдаев «Нұрлы жол» бағдарламасының жас отбасылар мен кез-келген санаттағы азаматтарға да тиімді екенін айтады. «Биыл Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы тараздық тұрғындарға 450 пәтер берілді. Оның 200-і бүгін пайдалануға берілген тұрғын үйлер болса, қалған 210 пәтер қала орталығындағы «Атшабар» алаңынан, 40 пәтер Маяковский көшесінен берілді. Бұл – Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған «Нұрлы жол» бағдарламасының жемісі. Сондықтан да мен әлі күнге дейін үй ала алмай отырған өзге де азаматтарды осы бағдарлама арқылы баспаналы болуға шақырамын. Мәселен, «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің құны – 633 теңге. Аумағы 50 шаршы метр болатын баспананы жалға алған адам айына 31 мың 500 теңге төлейді. Жалпы, пәтер 20 жылға берілгенімен, 5 жылдан соң өз атына аударып алуына толық мүмкіндік берілген. Ал «Атшабар» алаңындағы үйдің әр шаршы метрі 880 теңгеден. Ол жерден аумағы 50 шаршы метр пәтер алғандар айына 44 мың теңге төлейді. Бірақ, үй алғысы келетін азаматтардың еш жерде қарызы болмауы тиіс. Әрі келісілген қаражатты төлеуге қабілетті ме, осы жағын да ескергені жөн», – деді ол.
Жаңа жыл-ды жаңа баспа-нада қарсы алатындардың бірі – бюджеттік мекеме қызметкері Гүлдана Рысбаеваға 2 бөлмелі пәтердің кілті бұйырыпты.
– Бүгін біздің отбасымыз үлкен қуанышқа кенелуде. Себебі, баспаналы болу біз үшін үлкен арман болатын. Енді, міне өз пәтерімізге де қол жеткізіп отырмыз. «Нұрлы жол» бағдарламасын қабылдауға тапсырма берген Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа, бағдарламаны жүзеге сәтті асырып отырған облыс және қала әкіміне алғысымды білдіремін,– деді пәтер иесі.

Нұрым Сырғабаев,
«Ақ жол».

Суреттерді түсірген
Ағаділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support