- Advertisement -

Наганың отты шарлары

87

- Advertisement -

Жыл сайын бір мезгілде Таиландтағы Меконг деп аталатын өзен үстінде отты шарлар жарылысы болып тұрады. «Наганың отты шары» деп аталатын мұндай құбылыс күздің соңына таман, буддистердің діни мерекесі аяқталасымен басталады екен.
Жергілікті тұрғындар кенеттен жарылатын әлгіндей отты шарларды өзен түбінде тіршілік ететін алып аждаһаның аузынан шығады деп сенеді. Тіпті, олар туристерге әлгі аждаһаға ұқсас құбыжықтың көне суреттерін де көрсетіп жатады.
Ал ғалымдар ондай шарлардың өзен түбінен шығатын метан газы екенін, олар су бетінен жоғары көтерілген соң ауа қысымымен жарылатынын айтады. Бірақ, сол маңда тұратын адамдар бәрібір де оның адам санасынан тыс құбылыс екеніне сенімді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support