Ел жаңалықтары

Тұңғыс құпиясы

Тұңғыс құпиясы

Осыдан шамамен 100 жыл бұрын Ресей Сібірінің түкпіріне көктен алып аспан денесі құлаған. Соның салдарынан бір мезеттің ішінде 1200 шаршы шақырым аумақта тіршілік атаулы жойылып кеткен. Бұл орасан зор табиғи апат тарихта «Тұңғыс құпиясы» деген атпен қалған. Сол құбылыс әлі күнге дейін өзінің тылсым сырын ашпай келеді. Ғалымдар мен тарихшылар бұл жайында ортақ тұжырым жасаған емес. Бірі аспаннан түскен метеориттің жарылғаны десе, бірі бұл жер қойнауынан шыққан алапат жарылыс дегенді алға тартады. Тұңғыс өзенінің маңында болған жарылыстың күші 15 мегатонналық энергияға тең, яғни, Жапонияның Хиросима қаласына тасталған атом бомбасынан мың есе күшті болған деседі. Қалай болғанда да, Тұңғыс оқиғасы құпиясы әлі ашыла қоймаған құбылыстар қатарына жатады.