Жамбылдық шахматшы жетістігі
Жамбылдық шахматшы жетістігі
Мадина Дәулетбаева халықаралық дәрежедегі гроссмейстер нормативін орындады Жылдағы дәстүр бойынша ойдың ойыны шахматтан «Pavlodar Open – 2015» турнирі өткізілді. Дуы басым додаға Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасынан, Әзірбайжан елдерінен және еліміздің барлық өңірінен 85 шахматшы қатысып, бақтарын сынады. Оныншы мәрте жалауы желбіреген байрақты бәсекеде швейцариялық жүйе арқылы шахматтың классикалық түрі бойынша кіл мықтылар өзара кім жүйрікті анықтады. 17 халықаралық дәрежедегі гроссмейстер, 9 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 спорт шебері сынға түскен додада жамбылдық гроссмейстер Мадина Дәулетбаева қарсыластарынан кем түспей, қажетті ұпайды қоржынға салып, нәтижесінде екінші орыннан көрінді. Бұған дейін талай додаларда атой салған жамбылдық шахматшы қыз Павлодардағы дәстүрлі турнирде осымен бірнеше мәрте жүлдегерлердің қатарынан көрінді. Көптеген турнирде есептен жаңылыспай, әр қадамын жеті рет ойлап, бір рет кесіп жүрген Мадина Дәулетбаеваның алдында әлі талай асқақ асулар тұр. Ел мен өңір намысын абыроймен қорғап жүрген жерлесіміздің халықаралық турнирлерде мемлекетіміздің намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындырарына сенеміз!
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».