Референдум» нәтижесін жариялай бастады
Референдум» нәтижесін жариялай бастады
Украинаның Донецк облысындағы сепаратистер аймақтың мәртебесі туралы «референдумда» дауыс бергендердің 89.7 пайызға жуығы «өзін-өзі басқаруды қолдап» дауыс бергені туралы мәлімдеді.
Өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» сайлау комиссиясы басшысы Роман Ляхин 11 мамыр күні өткен дауыс беруге сайлаушылардың «75 пайызы қатысқанын» хабарлады. Дәл осындай «референдум» жексенбі күні Луганск облысында да өтті. Бұл екі облыстағы «референдумға» бір де бір халықаралық бақылаушы қатысқан жоқ. Донецк пен Луганск облыстарындағы «референдумды» Украина билігі мен батыс елдері заңсыз деп танып, оны мойындамайтындарын мәлімдеген.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.