Денсаулық

Алматыда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері $45 мың пара алып жатқан жерінен ұсталды

Алматыда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері $45 мың пара алып жатқан жерінен ұсталды

pogudx3etfvso2uvug.9007d039Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметтік тергеу бөлімі басшысы С.Вольф пен бірқатар жалған кәсіпорын басшыларынан құрылған қылмыстық топ 45 мың доллар сомасында пара алу кезінде ұсталды.

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросы департаменті хабарлады.

«Қызмет бабын асыра сілтеген С.Вольф бірқатар жалған кәсіпорындарға (басшылары: Я.Олесов, М.Рахуба) қамқорлық етіп келген. Бұл заңсыз қызметі үшін ол ұдайы қаржылай пара алып отырғаны анықталды», – делінген Ұлттық бюроның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта С.Вольф, Я.Олесов және М.Рахуба ҚПК-нің 128-бабы бойынша Алматы қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.