Басты жаңалық

Қазақ жазушысы кітабының тұсаукесері

The final spritzer

Қазақ жазушысы кітабының тұсаукесері

Нью-Йоркте қазақ жазушысы Қоғабай Сәрсекеевтің кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР Бас консулдығы.

«Аталмыш шара америкалық аудиторияны қазақ әдебиетімен таныстыруға бағытталған серияны жалғастырады. Бұған дейін Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Олжас Сүлейменовтің кітаптарының тұсаукесері өткен болатын», – деп жазылған баспасөз хабарламасында. Қоғабай Сәрсекеев кітабының тұсаукесерін қазақ тілінде өткізді. АҚШ-та қазақ тілінде кітаптар сирек кездесетіндіктен қазақ диаспорасының өкілдері аталмыш басылымға қызығушылық танытты.