Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

Байзақ

Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп-гимназияда ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырмен кездесу болып өтті. Әдеби-сазды кешті мектеп-гимназия директоры К. Жаманова сөз сөйлеп ашты. Кешке ақынның өмірі мен шығармашылығы, өлеңдері, әндері арқау болды. Жергілікті өнерпаздар А. Исабаев пен Ө. Нұрбаев сазгер-ақынның әндерін тамылжыта орындады. Оқушылар ақынның жырларын жатқа оқыса, кеш соңында Қ. Нарбатыр алдағы шығармашылығы жайлы ой бөлісті.