Талас
Талас
Тәуелсіздік күніне орай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мерекелік акция өткізді. Орталық қызметкерлері бұл күні аудандық перзентханаға арнайы ат басын бұрып, жаңадан босанған жас ана Ару Смағұлға нәрестесінің туу туралы куәлігі мен гүл шоқтарын тарту етті. Өз кезегінде Ару Асылбекқызы мереке қарсаңында тосын сый жасаған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығына алғысын жеткізді. Жалпы, биылғы 11 айда аудан бойынша 1015 туу туралы куәлік берілді.