Білім

Ерлік пен өрліктің туы

Ерлік пен өрліктің туы

Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 105 жылдығына орай «Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» атты патриоттық шара Б.Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназиясында өткізілді. Шара барысында батыр жайлы ғылыми жұмыс жазу, Бауыржанның шығармаларынан жатқа үзінді оқу және тест сұрақтарына жауап беру, Б.Момышұлына патриоттық өлең арнау (авторлық шығарма) талаптары бойынша оқушылар сынға түсті. 

Тест сұрағы бойынша 45 сұраққа түгел дұрыс жауап берген №45 гимназияның оқушысы Мадина Райысова байқау жеңімпазы атанды. Авторлық өлеңдерін оқу бөлімі бойынша №26 орта мектеп оқушысы Жұматай Ыбырай үздік деп танылды. Өз жүрегінен шыққан өлеңдерін оқыған Еңлік Жүзбосын, Әсел Сманова, Алмаз Сейдан, Аружан Байұзақ секілді талапкерлер де жүлдегерлер қатарынан көрінді. Талапкер оқушылардың өнерін Әлімбай Найзабаев, Алмагүл Мұқашева, Тоймұрат Қоймұратұлы секілді ұстаздар бағалады.  

Есет Досалы, «Ақ жол.

Тараз қаласы.