Денсаулық

Дәрігерлер науқастың тоқтаған жүрегін 7 сағаттан соң «қайта тірілтті»

Дәрігерлер науқастың тоқтаған жүрегін 7 сағаттан соң «қайта тірілтті»

20151222135439Қытай дәрігерлері тоқтаған жүректі  7 сағаттан соң қайта соқтырды. Бұдан бұрын жүректің тоқтағанына 6 сағат өтсе, оны қайта тірілту мүмкін емес деп саналатын.

Фучжоу клиникаларының бірінде  жүрек ауыстыруды қажет еткен 24 жастағы ер адам жатқан. Сәйкес келетін донор  үш сағаттық жерден жеткізілуі тиіс, дәрігерлер оның миының өлгенін анықтады, алайда жүрегін  жасанды жұмыс істетуді жалғастыра берген.

Донор жүрек жеткізіліп, оны науқасқа көшіріп салады. Бірақ жүрек бірден жұмыс істеп кетпейді. Трансплантация жүргізгеннен кейін екі сағаттан соң  және донор денеден алғаннан кейін 7 сағаттан соң ғана жүрек соға бастаған.

Жеті сағаттан артық тоқтаған жүректі қайта соқтыру - өте сирек кездесетін жайт. Донор жас, жүрегі сау, күшті болғандықтан, ота сәтті өтті. Науқас қазір өзін жақсы сезінеді, оның денсаулығына еш қауіп жоқ, деп хабарлауда шетелдік БАҚ.